Алаяқтардан 4,8 млрд теңге қайтарылды – ІІМ
150 миллионнан астам алаяқтық қоңырау бұғатталды
ІІМ Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің мәліметінше, жыл басынан бері интернет-алаяқтық деңгейі 7%-ға төмендеген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ведомство мәліметінше, оларды ашу көрсеткіші жақсарды, жәбірленушілерге 4,8 миллиард теңге қайтарылды. Ұлттық банкпен бірлесіп, тағы 2,6 миллиард теңгені заңсыз алуға жол берілген жоқ. Операторлармен бірлесіп, 150 миллионнан астам алаяқтық қоңырау бұғатталды.
Ұйымдасқан қылмыстық топтарды анықтау және жою бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Шетелдік әріптестермен бірге бірнеше халықаралық алаяқтық call-орталықтардың қызметі тоқтатылды, қазақстандықтардың ақшасын ұрлаған ондаған қатысушы ұсталды. Азаматтардың дербес деректерін заңсыз таратқан қылмыстық интернет-ресурстың қызметі әшкереленіп, кінәлілер ұсталды.
«Ешқашан бөгде адамдарға SMS кодтарын, банк карталарының деректерін бермеңіз және белгісіз тұлғалардың өтініші бойынша бағдарламаларды орнатпаңыз, олар банктің, байланыс операторларының, құқық қорғау және мемлекеттік органдардың қызметкерлері болып хабарласуы мүмкін. Егер сізде кішкене күмән туындаса, әңгімені тоқтатып, ұйымның ресми нөміріне өзіңіз қоңырау шалыңыз және полицияға күдікті қоңырау туралы хабарлаңыз. Азаматтардың құқықтарын қорғау біздің сөзсіз басымдығымыз болып қала береді. Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл бойынша жұмыс жалғасатын болады», – деді ІІМ киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Әлібек Оразалы.