30.06.2026, 10:22
Жаңалықтар
Үржарда ондаған гектар жер отқа оранды
Өрт сөндіру жұмысы әлі жүріп жатыр
Фото: istockphoto.com
Абай облысының Үржар ауданындағы Қаракөл ауылы маңында ондаған гектар жер отқа оранды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ҚР ТЖМ мәліметінше, Перешейка учаскесінде «Ғарыш Сапары» АҚ геоақпараттық сервисінің мониторингі барысында термиялық нүкте анықталды.
Оқиға орнына ТЖМ күштері мен құралдары жедел жіберілді. Барлау барысында Сасықкөл көлінің жағалауындағы жетуі қиын батпақты аумақта шамамен 30 гектар жерде құрғақ шөп пен қамыстың өртенген анықталды.
«Өрт ошағына өрт сөндіру техникасының бара алмауы салдарынан сөндіру жұмысы қиындап отыр. Соған қарамастан, ТЖМ құтқарушылары өртті оқшаулау және сөндіру жұмыстарын жүргізуде. Елді мекендерге қауіп жоқ. Жағдай бақылауда», – делінген хабарламада.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: Оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді