Абай облысында заңсыз алтын өндіріп жатқан топ «жұмыс үстінде» ұсталды

Олардан алтын түстес металл, байытуға арналған жуу жабдығы, арнайы техника және автокөлік құралдары тәркіленді

Абай облысында заңсыз алтын өндіріп жатқан топ «жұмыс үстінде» ұсталды
Фото: ҚМА/Видеодан скрин

Қаржылық мониторинг агенттігі Абай облысының Жарма ауданында бағалы металдарды заңсыз өндіріп жатқандарды қолға түсірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында барлау және заңсыз өндіру жұмысы жүргізілген үш жер анықталды. Заңсыз қызмет нәтижесінде топырақ беті кең көлемде бүлініп, оның ішінде құнарлы қабаты сыпырылып алынған.

Алтын түстес металл, байытуға арналған жуу жабдығы, арнайы техника және автокөлік құралдары тәркіленді.

«Қазіргі уақытта барлық қатысы бар барлық тұлғалар, заңсыз өндірілген бағалы металдардың көлемі және келтірілген залалдың мөлшері анықталуда. Тергеу жалғасып жатыр. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды», – делінген ҚМА хабарламасында.