Қазақстанда 30 маусымда аптап ыстық сақталып, найзағай ойнайды

Елдің бірқатар өңірінде ауа температурасы жоғары болып, кей жерлерде жаңбыр, найзағай және екпінді жел күтіледі

Қазақстанда 30 маусымда аптап ыстық сақталып, найзағай ойнайды
Фото: © istockphoto.com

30 маусымда Қазақстан аумағында ауа райы құбылмалы болады. Елдің оңтүстігі, оңтүстік-шығысы мен шығысында аптап ыстық сақталса, солтүстік, орталық және батыс өңірлердің бірқатарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей жерлерде нөсер жаңбыр, бұршақ және екпінді жел күтіледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Астана – құбылмалы бұлтты, жаңбыр, найзағай, күндіз кей уақытта қатты жаңбыр, бұршақ және дауылды жел күтіледі. Желдің жылдамдығы 9–14 м/с, екпіні 20 м/с-қа дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +20...+22°C, күндіз +26...+28°C.

Алматы – құбылмалы бұлтты, күндіз аздаған жаңбыр жауып, найзағай болады. Жел 3–8 м/с, күндіз екпіні 18 м/с-қа дейін күшейеді. Температура түнде +21...+23°C, күндіз +34...+36°C.

Шымкент – құбылмалы бұлтты, өткінші жаңбыр, найзағай. Жел 8–13 м/с, күндіз екпіні 20 м/с-қа дейін. Температура түнде +22...+24°C, күндіз +33...+35°C.

Ақтау – бұлтты, жаңбыр, найзағай, кей уақытта қатты жаңбыр мен бұршақ күтіледі. Жел 9–14 м/с, екпіні 18 м/с. Температура түнде +17...+19°C, күндіз +22...+24°C.

Ақтөбе – бұлтты, кей уақытта жаңбыр, найзағай. Жел 3–8 м/с, күндіз екпіні 11 м/с. Температура түнде +11...+13°C, күндіз +18...+20°C.

Атырау – құбылмалы бұлтты, жаңбыр, найзағай, күндіз аздаған жаңбыр күтіледі. Жел 7–12 м/с, екпіні 18 м/с. Температура түнде +14...+16°C, күндіз +23...+25°C.

Жезқазған – құбылмалы бұлтты, жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауылды жел. Жел 9–14 м/с, түнде және таңертең екпіні 20 м/с-қа дейін. Температура түнде +18...+20°C, күндіз +26...+28°C.

Қарағанды – құбылмалы бұлтты, күндіз жаңбыр, кей уақытта қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауылды жел күтіледі. Жел 9–14 м/с, екпіні 20 м/с. Температура түнде +18...+20°C, күндіз +23...+25°C.

Көкшетау – құбылмалы бұлтты, жаңбыр, найзағай, күндіз кей уақытта қатты жаңбыр мен бұршақ. Жел 9–14 м/с, екпіні 20 м/с. Температура түнде +16...+18°C, күндіз +21...+23°C.

Қонаев – құбылмалы бұлтты, күндіз аздаған жаңбыр, найзағай. Жел 9–14 м/с, күндіз екпіні 23 м/с-қа дейін. Температура түнде +22...+24°C, күндіз +36...+38°C.

Қостанай – құбылмалы бұлтты, жаңбыр, найзағай, кей уақытта қатты жаңбыр, күндіз бұршақ күтіледі. Жел 9–14 м/с. Температура түнде +13...+15°C, күндіз +22...+24°C.

Қызылорда – құбылмалы бұлтты, түнде жаңбыр, найзағай, күндіз жауын-шашынсыз. Жел 8–13 м/с. Температура түнде +19...+21°C, күндіз +30...+32°C.

Павлодар – құбылмалы бұлтты, түнде жауын-шашынсыз, күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауылды жел күтіледі. Жел 9–14 м/с, екпіні 20 м/с. Температура түнде +19...+21°C, күндіз +35...+37°C.

Петропавл – бұлтты, жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ пен дауылды жел күтіледі. Жел түнде 9–14 м/с, күндіз екпіні 25 м/с-қа дейін. Температура түнде +16...+18°C, күндіз +21...+23°C.

Семей – құбылмалы бұлтты, түнде жауын-шашынсыз, күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ. Жел 5–10 м/с, екпіні 20 м/с-қа дейін. Температура түнде +20...+22°C, күндіз +36...+38°C.

Талдықорған – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 8–13 м/с. Температура түнде +18...+20°C, күндіз +36...+38°C.

Тараз – құбылмалы бұлтты, өткінші жаңбыр, найзағай. Жел 9–14 м/с, түнде және таңертең екпіні 25 м/с-қа дейін. Температура түнде +23...+25°C, күндіз +29...+31°C.

Түркістан – құбылмалы бұлтты, өткінші жаңбыр, найзағай. Жел 8–13 м/с, екпіні 20 м/с-қа дейін. Температура түнде +23...+25°C, күндіз +35...+37°C.

Орал – құбылмалы бұлтты, түнде жауын-шашынсыз, күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауылды жел күтіледі. Жел 9–14 м/с. Температура түнде +10...+12°C, күндіз +16...+18°C.

Өскемен – құбылмалы бұлтты, түнде жауын-шашынсыз, күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ. Жел 4–9 м/с, күндіз екпіні 20 м/с-қа дейін. Температура түнде +18...+20°C, күндіз +35...+37°C.