Аптап ыстық, жаңбыр, найзағай: 27 маусымға арналған дауылды ескерту жарияланды
Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде аптап ыстық, найзағай, қатты жел, бұршақ және нөсер жаңбыр күтілетінін ескертті
27 маусымға синоптиктер Астана, Алматы, Шымкент қалаларында және Қазақстанның барлық облысында дауылды ескерту жариялады. Жаңбыр, найзағай, кей жерлерде қатты жаңбыр, бұршақ, дауылды жел, тұман және қатты ыстық күтіледі. Бірқатар өңірде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Астанада күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел солтүстік-шығыстан соғып, кейін оңтүстік-шығысқа ауысады, күндіз екпіні 15-18 м/с жетеді.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғып, кейін оңтүстік-шығысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады. Батысы мен оңтүстігінде жоғары өрт қаупі, шығысы мен орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Көкшетауда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл болады. Түнде және таңертең батысы мен оңтүстігінде тұман түседі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, кей уақытта 25 м/с жетеді. Оңтүстігі мен шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Петропавлда күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с болады.
Қостанай облысында түнде батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз жаңбыр, найзағай, батысы мен солтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең солтүстігі мен батысында тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, кейін оңтүстік-батысқа ауысады, батысында, солтүстігінде және шығысында 15-20 м/с, күндіз екпіні 23 м/с жетеді. Оңтүстік-батысы мен оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қостанайда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ пен дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, кейін оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с болады.
Павлодар облысында күндіз 35-36 градус қатты ыстық болады. Батысында, оңтүстік-шығысында және орталығында жоғары өрт қаупі, солтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Павлодарда күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Қарағанды облысында күндіз солтүстігі мен шығысында аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, кейін оңтүстік-батысқа ауысады, шығысы мен оңтүстігінде екпіні 15 м/с болады. Күндіз оңтүстігінде 37 градус қатты ыстық күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады, ал батысында, шығысында және оңтүстігінде төтенше өрт қаупі бар. Қарағандыда жоғары өрт қаупі сақталады.
Ұлытау облысында күндіз солтүстігі мен шығысында аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, солтүстігі мен шығысында екпіні 15 м/с жетеді. Жоғары өрт қаупі сақталады, оңтүстігі мен шығысында төтенше өрт қаупі бар.
Шығыс Қазақстан облысында түнде шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Түнде солтүстігінде тұман түседі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, күндіз солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде 15-20 м/с болады. Жоғары өрт қаупі сақталады, солтүстік-батысы мен орталығында төтенше өрт қаупі бар. Өскеменде төтенше өрт қаупі сақталады.
Абай облысында күндіз солтүстігі мен орталығында аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, күндіз солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында 15-20 м/с болады. Күндіз 35-37 градус қатты ыстық күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады, батысында, солтүстік-шығысында және оңтүстігінде төтенше өрт қаупі бар. Семейде жоғары өрт қаупі сақталады.
Алматы облысында күндіз тау бөктері мен таулы аудандарда қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел шығыстан соғып, кейін оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз тау бөктері мен таулы аудандарда екпіні 15-20 м/с жетеді. Күндіз 35-39 градус қатты ыстық күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады, солтүстігінде төтенше өрт қаупі бар. Қонаевта күндіз 37-39 градус қатты ыстық болады. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Алматыда күндіз 35-36 градус қатты ыстық күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Жетісу облысында күндіз оңтүстігінде, шығысында және таулы аудандарында қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел солтүстік-шығыстан соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с болады. Күндіз 35-37 градус қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі бар. Талдықорғанда күндіз 35-37 градус қатты ыстық болады. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Жамбыл облысында түнде батысында, солтүстігінде және таулы аудандарында, күндіз оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел солтүстік-шығыстан соғып, кейін оңтүстік-батысқа ауысады, оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында 15-20 м/с, күндіз екпіні 23 м/с болады. Күндіз 38 градус қатты ыстық күтіледі. Солтүстігі мен шығысында жоғары өрт қаупі, солтүстігі мен оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Таразда күндіз қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел солтүстік-шығыстан соғып, кейін оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с болады.
Түркістан облысында түнде таулы аудандарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда екпіні 15-20 м/с болады. Күндіз 40-41 градус қатты ыстық күтіледі. Батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Түркістанда күндіз қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с болады. Күндіз 40-41 градус қатты ыстық күтіледі.
Шымкентте күндіз қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с болады.
Қызылорда облысында таңертең және күндіз батысы мен орталығында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел солтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз батысы мен орталығында 15-20 м/с болады. Күндіз 40 градус қатты ыстық күтіледі. Оңтүстігінде төтенше өрт қаупі, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылордада төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақтөбе облысында түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, батысы мен солтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Күндіз батысында, солтүстігінде және шығысында жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл болады. Жел батыстан соғады, батысында, солтүстігінде және шығысында екпіні 15-20 м/с жетеді. Оңтүстік жартысында жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтөбеде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, түнде кей уақытта қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел батыстан соғады, түнде екпіні 15-18 м/с болады.
Атырау облысының батысында, солтүстігінде және шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, оңтүстігінде аздаған жаңбыр мен найзағай күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, күндіз солтүстігі мен шығысында екпіні 15-20 м/с болады. Солтүстігі мен шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Атырауда түнде аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде және орталығында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз кей уақытта бұршақ, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз батысында, солтүстігінде және орталығында екпіні 15-20 м/с болады. Жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтауда таңертең және күндіз кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан облысында түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, солтүстігі мен шығысында кей уақытта қатты жаңбыр күтіледі. Күндіз солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл болады. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады. Оралда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с болады.