25.06.2026, 11:40
Жаңалықтар
Жеңіл көлікпен соқтығысқан: Ақтауда мотоцикл жүргізушісі қаза тапты (ВИДЕО)
Көз жұмған мотоцикл жүргізушісі небәрі 20 жаста болған
Фото: Lada.kz
Ақтауда жеңіл көлікпен соқтығысқан мотоцикл жүргізушісі қаза тапты. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Lada.kz басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Қайғылы оқиға кеше 3 және 1-шағынаудандардың арасындағы жолда болған.
Мәліметке сәйкес, көз жұмған мотоцикл жүргізушісі небәрі 20 жаста болған.
Алдын ала ақпарат бойынша, «ВАЗ» маркалы жеңіл көлік пен мотоцикл соқтығысқан. Қатты соққы салдарынан жас мотоциклші оқиға орнында қаза тапты.
Маңғыстау облысы полиция департаментінің мәліметінше, аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Көлік айып тұрағына қойылды.
Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Көп оқылған
25.06.2026, 12:53
Инстаграмдағы видеосы үшін: танымал блогер Алексей Лодочниковтың үстінен полицияға арыз түсті
25.06.2026, 19:30
Алматының орталық көшелерінің бірінде жер астынан от шықты (ВИДЕО)
25.06.2026, 10:18
Түркістан облысында қылмыстық топ арнайы тоннель қазып, Өзбекстанға бензин жеткізіп отырған
25.06.2026, 14:58
Ақтөбеде жас жігіт әскерге бармас үшін 250 мың теңге берген