Алматыда жас жігіт тауға шығып, жартасты тұсынан төмен түсе алмай, қалып қойған
ТЖМ қызметкерлері ер адамға таудан түсуге көмектесті
Алматы қаласындағы Алмарасан шатқалында жас жігіт тауға шығып, жартасты тұсынан төмен түсе алмай, қалып қойған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ҚР ТЖМ мәліметінше, Алмарасан шатқалында 2005 жылы туған азамат серуендеу кезінде таудың тік бөлігінде қалып қойып, өздігінен түсе алмағаны туралы ақпарат түсті.
Оқиға орнына жедел түрде құтқарушылар жіберілді. Көрсетілген аумаққа жеткен соң олар тұрған жерін анықтап, қауіпсіз түрде эвакуациялаған.
«2005 жылы туған азамат қауіпсіз жерге аман-есен жеткізілді. Медициналық көмек қажет болған жоқ. ТЖМ еске салады: таулы аймаққа шығар алдында өз мүмкіндіктеріңізді дұрыс бағалап, тек қауіпсіз әрі тексерілген бағыттарды таңдаңыз. Жер бедерінің ерекшеліктерін алдын ала зерттеп, ыңғайлы киім мен аяқ киім киіңіз және жалғыз саяхатқа шықпаңыз. Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне хабарласыңыз», – делінген ҚР ТЖМ хабарламасында.