Ақтөбе облысындағы Елек өзеніне атасы мен немересі суға батып кетті
Немересін құтқармақ болған атасы да суға батып кетті
Ақтөбе облысында өзеннен атасы мен немересінің мәйіті табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, 19 маусым күні Бестамақ ауылындағы Елек өзенінен 1965 жылы туған ер адам мен 2009 жылы туған жасөспірімнің денелері куәгерлердің күшімен судан шығарылғаны туралы хабар түсті.
«Алдын ала мәлімет бойынша, жасөспірім шомылып жүрмеген. Ол Елек өзенінің шомылуға арналмаған аумақтағы тайыз жерімен жаяу өтпек болған кезде су астындағы шұңқырға түсіп кеткен. Бұл аумақта «Шомылуға тыйым салынады» деген ескерту белгісі орнатылған. Өзеннің бұл бөлігінде су өте тайыз болғандықтан, шомылу іс жүзінде мүмкін емес. Немересін құтқармақ болған атасы суға секіргенімен, өзі де батып кеткен. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», – делінген ПД хабарламасында.