Алматыда ішімдік ішкен ер адам танысын пышақтап тастады (ВИДЕО)

Зардап шеккен азамат ауруханаға жеткізілді

Алматыда ішімдік ішкен ер адам танысын пышақтап тастады (ВИДЕО)
Фото: istockphoto.com

Алматыда кешкі уақытта ішімдік ішкен ер адам қасында отырған танысын пышақтап тастады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Полиция департаментінің мәліметінше, Алматы қаласының Бостандық ауданында бірге спирттік ішімдік ішкен азаматтардың арасында дау туындаған. Сөзден басталған жанжалдың соңы пышаққа ұласқан. Нәтижесінде ер адамдардың бірі танысының аяғына жарақат салған.

«Зардап шеккен азамат ауруханаға жеткізілді. Ал күдікті полиция қызметкерлерімен жедел түрде ұсталды. Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – делінген ПД хабарламасында.

Мақалада
#Алматы #ішімдік