Илон Маск енді триллионер емес

Ол бұл статуста екі апта ғана тұрды

Илон Маск енді триллионер емес
Фото: Instagram/elonrmuskk

SpaceX негізін қалаушы Илон Масктың байлығы 1 трлн доллардан төмендеп, 957 млрд долларға дейін азайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл Bloomberg Billionaires Index деректерінен белгілі болды. Индекс, атап айтқанда, компаниялар акцияларының құны негізінде есептеледі.

Соңғы өзгерістер барысында кәсіпкердің байлығы 118 млрд долларға қысқарды.

12 маусымда Маск өзі құрған SpaceX компаниясының акцияларымен сауда басталғаннан кейін әлемде алғаш рет байлығы 1 трлн доллардан асқан алғашқы адам болды. Осылайша ол шамамен екі апта бойы триллионер мәртебесіне ие болды.

22 маусымдағы мәліметке сәйкес, SpaceX акциялары компанияның жасанды интеллект саласындағы жобаларды қаржыландыру үшін инвестициялық деңгейдегі облигацияларды алғашқы рет орналастыру туралы хабарландыруынан кейін үш күн қатарынан төмендеді.

Сонымен қатар, 16 маусымнан бері Tesla акциялары Nasdaq биржасында 4,14%-ға, ал SpaceX акциялары 17,13%-ға төмендеді, деп сауда деректері көрсетеді.