Қазақстандық спортшылар семсерлесуден Азия чемпионы атанды

Олар жартылай финалда Оңтүстік Корея құрамасын 45:33 есебімен жеңді

Қазақстандық спортшылар семсерлесуден Азия чемпионы атанды
Фото: Olympic.kz

Үндістанның Дели қаласында семсерлесуден өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы төртінші жүлдесін иеленді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жарыстың кезекті күнінде ерлер құрамасы шпажада командалық сайыста жеңіске жетті. Алтын медаль иегерлері – Ерлік Сертай, Вадим Шарлаимов, Никита Жулинский және Кирилл Проходов.

Чемпиондық атақ жолында қазақстандық спортшылар финалға дейін жетіп, шешуші кездесуде соңғы екі Олимпиадада алтын және күміс жүлде иеленген Жапония құрамасымен кездесті.

Тартысты өткен финалдық бәсеке өте шиеленісті жағдайда өтті. Екі команда да есепте ұзақ уақыт бойы тең түсіп отырды. Дегенмен, соңғы сәттерде қазақстандық спортшылар басымдық танытып, 45:40 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынында Азия чемпионатынан төрт медаль бар. Бұған дейін шпажада жеке сайыста Ирина Бакалдина алтын, жекелей сында Руслан Курбанов қола медаль жеңіп алған болатын. Сондай-ақ ерлердің қылыштасу командасы да қола жүлдеге ие болды.