+40 градусқа дейін ыстық: сейсенбіге арналған ауа райы болжамы
Елдің басым бөлігінде ауа температурасы +30 градустан асады, кей өңірлерде жаңбыр, найзағай және шаңды дауыл күтіледі
Қазақстанда 23 маусым күні аптап ыстық сақталады. Ел аумағының басым бөлігінде ауа температурасы +30 градустан асады, ал кей өңірлерде сынап бағаны +40 градусқа дейін көтеріледі. Солтүстік, батыс және орталық өңірлердің жекелеген аудандарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей жерлерде бұршақ түсіп, дауыл тұрып, шаңды дауыл соғып, жел күшейеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Астанада күн құбылмалы болады, жауын-шашын күтілмейді. Күндіз шаңды дауыл соғып, жел екпіні күшейеді. Ауа температурасы түнде +18...+20, күндіз +35...+37 градус.
Алматыда күн құбылмалы, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +19...+21, күндіз +33...+35 градус.
Шымкентте күн құбылмалы, жауын-шашын болмайды. Күндіз жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +17...+19, күндіз +37...+39 градус.
Ақтөбеде күн бұлтты. Кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз нөсер жаңбыр жаууы мүмкін. Бұршақ түсу қаупі бар. Жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +13...+15, күндіз +21...+23 градус.
Ақтауда күн құбылмалы, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +19...+21, күндіз +25...+27 градус.
Атырауда күн құбылмалы, жауын-шашын күтілмейді. Күндіз жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +18...+20, күндіз +28...+30 градус.
Жезқазғанда күн құбылмалы. Күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +15...+20, күндіз +27...+29 градус.
Қарағандыда күн құбылмалы, жауын-шашын болмайды. Күннің соңына қарай шаңды дауыл көтеріліп, жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +17...+19, күндіз +32...+34 градус.
Көкшетауда күн құбылмалы. Таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +20...+22, күндіз +33...+35 градус.
Қонаевта күн құбылмалы, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +19...+21, күндіз +35...+37 градус.
Қостанайда күн бұлтты. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ түсіп, дауыл соғуы мүмкін. Жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +18...+20, күндіз +24...+26 градус.
Қызылордада күн құбылмалы. Кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз дауыл тұрып, шаңды дауыл соғады. Жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +26...+28, күндіз +32...+34 градус.
Павлодарда күн ашық, жауын-шашын болмайды. Ауа температурасы түнде +18...+20, күндіз +35...+37 градус.
Петропавлда күн құбылмалы. Күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсіп, дауыл және шаңды дауыл болуы мүмкін. Жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +19...+21, күндіз +31...+33 градус.
Семейде күн құбылмалы, жауын-шашын күтілмейді. Күндіз жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +18...+20, күндіз +30...+32 градус.
Талдықорғанда күн құбылмалы, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +15...+17, күндіз +34...+36 градус.
Таразда күн құбылмалы, жауын-шашын болмайды. Ауа температурасы түнде +20...+22, күндіз +35...+37 градус.
Түркістанда күн құбылмалы. Түстен кейін өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +22...+24, күндіз +38...+40 градус.
Оралда күн құбылмалы. Түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +13...+15, күндіз +25...+27 градус.
Өскеменде күн құбылмалы, жауын-шашын күтілмейді. Күндіз жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +15...+17, күндіз +30...+32 градус.