Астанада Мәңгілік Ел – Сығанақ жолайрығында шектеу енгізіледі

Жол жөндеу жұмыстарына байланысты қозғалыс уақытша тоқтатылады

Астанада Мәңгілік Ел – Сығанақ жолайрығында шектеу енгізіледі
Фото: © istockphoto.com

Астанада 23-24 маусым күндері Мәңгілік Ел даңғылы мен Сығанақ көшесінің қиылысындағы жолайрықтың екі съезі толық жабылады. Бұл күндері жол қызметтері жол жабынының үстіңгі қабатын төсеу жұмыстарын жүргізеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Мәңгілік Ел даңғылы мен Сығанақ көшесінің қиылысындағы жолайрықта жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

23-24 маусым аралығында келесі учаскелерде көлік қозғалысы толық тоқтатылады:

  • Мәңгілік Ел даңғылынан Түркістан көшесі бағытына қарай Сығанақ көшесіне түсетін оң жақ съез;

  • Түркістан көшесі жағынан Достық көшесі бағытына қарай өтетін оң жақ съез.

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден бағыттарын алдын ала жоспарлап, жол қозғалысын ұйымдастырудағы уақытша өзгерістерді ескеруді сұрайды.