+38 градус: Бейсенбі күні бірқатар өңірде аптап ыстық сақталады

Еліміздің бірқатар өңірінде қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнап, жел күшейеді

+38 градус: Бейсенбі күні бірқатар өңірде аптап ыстық сақталады
Фото: © istockphoto.com

18 маусымда Қазақстанда жазғы аптап ыстық сақталады. Елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және орталық өңірлерінде ауа температурасы 35-38 градусқа дейін көтеріледі. Кейбір аймақтарда қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнап, екпінді жел соғады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Ақтөбеде құбылмалы бұлтты болады, түнде кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ауа температурасы түнде +18...+20°C, күндіз +29...+31°C.

Ақтауда жауын-шашынсыз, күн аздап бұлтты болады. Ауа температурасы түнде +20...+22°C, күндіз +28...+30°C.

Алматыда құбылмалы бұлтты, күндіз аздаған жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Ауа температурасы түнде +19...+21°C, күндіз +30...+32°C.

Астанада құбылмалы бұлтты, кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ түсуі мүмкін. Жел екпінді болады. Ауа температурасы түнде +17...+19°C, күндіз +32...+34°C.

Атырауда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +20...+22°C, күндіз +32...+34°C.

Жезқазғанда құбылмалы бұлтты, таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай болады. Жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +21...+23°C, күндіз +35...+37°C.

Қарағандыда құбылмалы бұлтты, таңертең және күндіз аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ауа температурасы түнде +18...+20°C, күндіз +31...+33°C.

Көкшетауда құбылмалы бұлтты, таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Ауа температурасы түнде +18...+20°C, күндіз +27...+29°C.

Қонаевта құбылмалы бұлтты, күндіз аздаған жаңбыр жауып, найзағай болады. Кей уақытта жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +19...+21°C, күндіз +33...+35°C.

Қостанайда құбылмалы бұлтты, таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Ауа температурасы түнде +17...+19°C, күндіз +28...+30°C.

Қызылордада құбылмалы бұлтты, күндіз жаңбыр жауып, найзағай болады. Ауа температурасы түнде +22...+24°C, күндіз +36...+38°C.

Павлодарда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +18...+20°C, күндіз +31...+33°C.

Петропавлда бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ түсуі мүмкін. Түнде және таңертең тұман болады. Ауа температурасы түнде +18...+20°C, күндіз +29...+31°C.

Семейде құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Күндіз жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +16...+18°C, күндіз +31...+33°C.

Талдықорғанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +17...+19°C, күндіз +32...+34°C.

Таразда құбылмалы бұлтты, күндіз қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай болады. Жел екпінді болады. Ауа температурасы түнде +20...+22°C, күндіз +32...+34°C.

Түркістанда құбылмалы бұлтты, қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +20...+22°C, күндіз +35...+37°C.

Оралда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +13...+15°C, күндіз +28...+30°C.

Өскеменде құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +15...+17°C, күндіз +31...+33°C.

Шымкентте құбылмалы бұлтты, қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай болады. Жел екпінді болады. Ауа температурасы түнде +19...+21°C, күндіз +33...+35°C.