Нұр-Сұлтанға кезекті дәрі-дәрмек партиясы жеткізілді
Қалаға 120 мың қорап дәрі-дәрмек әкелінді
24 шілде күні елордаға коронавирус, пневмония және басқа да бірқатар ауруларды емдеуге арналған кезекті дәрі-дәрмек партиясы жеткізілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі қала әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.
«Қалаға тағы 120 мың қорап дәрі-дәрмек, атап айтсақ 32 мың вирусқа қарсы препарат, 31,5 мың антикоагулянт және т.б. әкелінді. Сондай-ақ қала дәріханалары ксарелто, кардиомагнил, азитромицин, аспирин, дексаметазон, бромгексин, верошпирон, слемоксин, флемоклав, осельтамивир, эргоферон, кагоцел, арбидол, лавомакс, гроприносин және т. б. дәрі-дәрмектермен қосымша толықтырылатын болады», - деп жазылған хабарламада.
Шілде айының ортасынан бастап қалаға 90 тоннаға жуық дәрі-дәрмек әкелінді. Дәрілердің тағы бір партиясы 25 шілдеде жеткізіледі. Барлық дәрі-дәрмектер тексеруден өткен соң (1-2 күн), дәріханалардың ірі желілеріне бөлінеді. Бұл гуманитарлық көмек емес. Әкімдік дәріхана желілерінің дистрибьютерлеріне дәрі-дәрмек сатып алу үшін айналым қаражатын бөліп, тасымалдауға көмек көрсетеді.