$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
24.07.2020, 23:54
Жаңалықтар

Атырау облысында 300-ге жуық медицина қызметкері жетіспейді

Облыста медицина факультетінде оқитын жоғары курс студенттері пандемиямен күреске тартылып жатыр

Атырау облысында 300-ге жуық медицина қызметкері жетіспейді
Фото: ашық дереккөзден

Атырау облысында COVID-19 инфекциясымен күреске  2 мыңнан аса медицина қызметкері жұмылдырылған. Бұдан бөлек, өңірде қазіргі уақытта 278 медицина қызметкері жетіспейді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Атырау облыстық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

«Қазіргі уақытта облыстағы дәрігерлер жетіспеушілігі мәселесі шешімін табуда. Ол үшін ішкі ресурстарды пайдалану туралы шешім қабылданып, медицина факультетінде оқитын жоғары курс студенттері пандемиямен күреске тартылды. Өткен демалыс күндері Атырау облысына Батыс Қазақстан медицина университетінің 32 түлегі, еліміздің медициналық жоғары оқу орындарында оқып жатқан атыраулық 102 интерн мен резидент келді. Қалған 70 дәрігер бір айдың ішінде келеді деп күтілуде», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін облысқа Ақтөбе облысынан 8 дәрігер, Ресей Федерациясынан 11 дәрігер келген еді. Бүгінде олар облыстағы медициналық мекемелерде жұмыс істеп жатыр.

 

Серіктес жаңалықтары