Шымкентте 13 млн теңгенің тауарын жүк көлігіне тиеп, ұрламақ болған күдікті ұсталды

Күдіктінің жүк көлігінен 868 қорап аяқ киім табылды

Шымкентте 13 млн теңгенің тауарын жүк көлігіне тиеп, ұрламақ болған күдікті ұсталды
Фото: Polisia.kz

Шымкентте 13 млн теңгенің тауарына қатысты ірі көлемдегі ұрлықтың беті ашылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ірі көлемдегі тауарлардың ұрланғанын анықтап, оны заңды иесіне қайтарды.

Белгілі болғандай, тергеу барысында жалпы құны 13 миллион теңгені құрайтын 868 қорап аяқ киім тиелген жүк көлігінің белгіленген бағыттан ауытқығаны анықталды. Көлікке жүргізілген тексеру кезінде тауардың толық емес екені анықталды.

Жүргізілген жедел-іздестіру және тергеу іс-шараларының нәтижесінде жүк көлігі Шымкент қаласы аумағынан табылды. Оның ішіндегі тауар айғақты зат ретінде тәркіленіп, заңда белгіленген тәртіппен иесіне қайтарылды. Кәсіпорынға келтірілген материалдық шығын толық көлемде өтелді.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша күдікті анықталып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.