Ақмола облысында жөнсіз пайдаланған ондаған мың гектар жер мемлекетке қайтарылды

Былтыр 23 мың гектар жер мемлекетке қайтарылған

Ақмола облысында жөнсіз пайдаланған ондаған мың гектар жер мемлекетке қайтарылды
Фото: Azattyq Rýhy

Ақмола облысының Біржан сал ауданында мемлекет меншігіне 26 мың гектардан астам жер қайтарылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Прокуратураның мәліметінше, жайылымдық пен егістік жерлердің тапшылығы Біржан сал ауданының ең өзекті мәселелерінің бірі болып саналады. Осыған байланысты, Біржан сал ауданының прокуратурасы өткен жылдан бастап мақсатсыз пайдаланылатын жер телімдерін анықтауға және қайтаруға бағытталған «Пайдаланылмай жатқан жерлерді қайтару» жобасын іске асыруда.

«Прокурорлық қадағалау актілері бойынша 2025 жылы мемлекет меншігіне 23 мың гектардан астам пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлері қайтарылды. Биыл аталған бағыттағы жұмыс жандандырылуда. Биылдың өзінде прокуратура кадастрлық құны 20 млн теңгеден асатын 3,5 мың гектардан астам жайылымдық жерлерді қайтарды. Мысалы, «Нан-Жер» ЖШС-ден 1 412 гектар жер алынды, бұл ретте «Баймырза-Агро» ЖШС 2 150 гектар жайылымдық жерді ерікті тәртіппен қайтарды», – делінген хабарламада.