Қазақстанда 38 градусқа дейін аптап ыстық болады
Елдің оңтүстігінде 38 градусқа дейін ыстық күтілсе, солтүстік пен батыста жаңбыр, найзағай, бұршақ және қатты жел болады
31 мамырда Қазақстанда ауа райы құбылмалы болады. Елдің оңтүстігінде ауа температурасы 36–38 градусқа дейін көтерілсе, орталық пен шығыста кей жерлерде 33–35 градус ыстық күтіледі. Солтүстік және батыс өңірлерде жаңбыр, найзағай, кей жерлерде қатты жауын-шашын, бұршақ пен дауылды жел болжанып отыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Астанада күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +18…+20°C, күндіз +31…+33°C.
Алматыда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +17…+19°C, күндіз +31…+33°C.
Шымкентте күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +20…+22°C, күндіз +36…+38°C.
Ақтауда күн ала бұлтты, жаңбыр мен найзағай күтіледі. Ауа температурасы түнде +13…+15°C, күндіз +19…+21°C.
Ақтөбеде күн ала бұлтты, жаңбыр мен найзағай болады. Түнде кей уақытта қатты жаңбыр жауып, бұршақ түсуі мүмкін. Ауа температурасы түнде +7…+9°C, күндіз +18…+20°C.
Атырауда күн ала бұлтты, жаңбыр мен найзағай күтіледі. Ауа температурасы түнде +11…+13°C, күндіз +23…+25°C.
Жезқазғанда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +16…+18°C, күндіз +31…+33°C.
Қарағандыда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +14…+16°C, күндіз +17…+19°C.
Көкшетауда күн ала бұлтты, жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауыл күтіледі. Жел екпінді болады. Ауа температурасы түнде +15…+17°C, күндіз +29…+31°C.
Қонаевта күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +19…+21°C, күндіз +33…+35°C.
Қостанайда күн ала бұлтты, жаңбыр мен найзағай күтіледі, кей уақытта қатты жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде +13…+15°C, күндіз +23…+25°C.
Қызылордада күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +21…+23°C, күндіз +33…+35°C.
Павлодарда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +15…+17°C, күндіз +33…+35°C.
Петропавлда күн ала бұлтты, жаңбыр мен найзағай болады. Күндіз бұршақ, дауыл және екпінді жел күтіледі. Ауа температурасы түнде +13…+15°C, күндіз +28…+30°C.
Семейде күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +15…+17°C, күндіз +31…+33°C.
Талдықорғанда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +17…+19°C, күндіз +30…+32°C.
Таразда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +21…+23°C, күндіз +34…+36°C.
Түркістанда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +20…+22°C, күндіз +36…+38°C.
Оралда күн ала бұлтты, жаңбыр мен найзағай күтіледі. Күндіз бұршақ, дауыл және екпінді жел болады. Ауа температурасы түнде +7…+9°C, күндіз +16…+18°C.
Өскеменде күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +13…+15°C, күндіз +31…+33°C.