Доллар қайта қымбаттап барады: 29 мамырға арналған ресми бағамы жарияланды

Қазақстан Ұлттық банкі белгілеген ресми бағам белгілі болды

Доллар қайта қымбаттап барады: 29 мамырға арналған ресми бағамы жарияланды
Фото: freepik.com

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 485,95 теңгені құрап, 0,51 теңгеге қымбаттады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

29 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстан Ұлттық банкінің ресми доллар бағамы 485,55 теңге деңгейінде белгіленді.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматы қаласындағы айырбастау пунктерінде долларды сатып алудың орташа бағамы 484,22 теңгені, ал сату бағамы 487,7 теңгені құрайды.

Астанадағы айырбастау пунктерінде доллар орта есеппен 480 теңгеден сатып алынып, 487 теңгеден сатылып жатыр.

Ал Шымкент қаласындағы айырбастау орындарында долларды сатып алу бағамы орта есеппен 485,12 теңге болса, сату бағамы 487,21 теңгені құрайды.