Талғарда автобус пен КАМАЗ соқтығысып қалды: жарақат алғандар бар (ВИДЕО)

Оқиға 26 мамыр күні кешкі уақытта екі көшенің қиылысында болды

Талғарда автобус пен КАМАЗ соқтығысып қалды: жарақат алғандар бар (ВИДЕО)
Фото: Видеодан скрин

Алматы облысының Талғар ауданында жолаушылар тасымалдап жүрген автобус пен КАМАЗ соқтығысты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жол-көлік оқиғасының видеосы әлеуметтік желіде жарияланды. Онда автобустың солға бұрылар тұста негізгі жолда келе жатқан КАМАЗ-ға жол бермегенін байқауға болады. Полиция қызметкерлері жол-көлік оқиғасына жол берген жүргізушіні жауапкершілікке тартты.

Облыстық Полиция департаменті жол-көлік оқиғасына қатысты ресми мәлімдеме жасады.

«26 мамыр күні сағат 18:00 шамасында Алматы – Көкпек – Көктал автожолының 14 шақырым 800 метр қашықтығында SAZ маркалы автобустың жүргізушісі бағдаршам арқылы реттелетін қиылыста солға бұрылу кезінде қарсы бағытта келе жатқан КАМАЗ жүк көлігіне жол бермей, соқтығысуға әкеп соққаны анықталды. Жол-көлік оқиғасы салдарынан көлік құралдары зақымданды. Автобус жолаушыларына алғашқы медициналық көмек көрсетілді», – делінген ПД хабарламасында.

Агенттік тілшісі зардап шеккендер туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасына сұрау жолдады.