Атырауда жасөспірім қыз қатарласын аямай ұрып, тепкінің астына алды (ВИДЕО)

Полиция оқиға бойынша төрт жасөспірімді профилактикалық есебіне алды

Атырауда жасөспірім қыз қатарласын аямай ұрып, тепкінің астына алды (ВИДЕО)
Фото: Видеодан скрин

Атырау қаласында жасөспірім қыз баланы қатарласы аямай ұрып, тепкінің астына алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде жарияланды. Онда қыз баланың қатарласын ұрып жатқанын, ал өзге үш қыз баланың бақылап, видеоға түсіріп тұрғанын байқауға болады.

Атырау облысының Полиция департаменті жасөспірімдер арасындағы төбелеске қатысты ресми пікір білдірді. Ведомствоның мәліметінше, оқиға 13 сәуір күні болған.

«Атырау қаласында құқық бұзушылыққа жол берген барлық тұлға полиция басқармасына жеткізілген. 4 күдікті кінәлі деп танылып, жауапкершілікке тартылған. Күдіктілер полицияның профилактикалық есебіне алынды. Олардың арасындағы 16 жастағы жасөспірімге қатысты жинақталған іс-құжаттар шешім қабылдау үшін кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі комиссияға жолданды», – делінген ПД хабарламасында.

Полиция департаменті мұндай жағдай үшін заң аясында жауапкершілік қарастырылғанын ескертті.