28.05.2026, 09:32
Жаңалықтар
Қасым-Жомарт Тоқаев Эфиопия президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Президент Тайе Ацке-Селассиені Эфиопияның Ұлттық күнімен құттықтады
Фото: Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Эфиопия президенті Тайе Ацке-Селассиеге құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қасым-Жомарт Тоқаев Тайе Ацке-Селассиені Эфиопияның Ұлттық күнімен құттықтады.
«Президенттің айтуынша, Эфиопия – Қазақстанның Африка құрлығындағы сенімді әрі маңызды серіктестерінің бірі. Сондай-ақ мемлекет басшысы бірлескен күш-жігердің арқасында достық пен өзара түсіністікке негізделген екіжақты қарым-қатынас қос халықтың игілігі жолында дами беретініне сенім білдірді», – делінген Ақорданың хабарламасында.
Қасым-Жомарт Тоқаев Тайе Ацке-Селассиенің жауапты қызметіне табыс, достас Эфиопия халқына құт-береке тіледі.
Көп оқылған
12.10.2026, 09:31
Алматыда еңгезердей төрт еркек 60-тан асқан ер адамды өлтіріп, үйінен қара пакетпен алып шыққан (ВИДЕО)
12.10.2026, 10:53
Елді елең еткізген: Дариға Бадықова мен Олжас Абайдың некесі, Қайрат Нұртастың концертіндегі былық
12.10.2026, 06:29
Тұрғындардың ақшасын тәттілер мен барға жұмсаған: ПИК төрағасына қатысты қылмыстық іс тоқтатылды
12.10.2026, 09:44
«Қара көзілдірік тағып алған»: Астанада ер адам мектепте оқитын қыз баланы үйіне дейін аңдыған
12.10.2026, 11:59
Қазақстанда алдағы үш күнде қар аралас жаңбыр жауады