26.05.2026, 15:46
Жаңалықтар
Шымкентте сабақ үстінде кәмпитке қақалған оқушыны мұғалім аман алып қалды (ВИДЕО)
Оны мұғалімі құтқарып қалды
Фото: видеодан скриншот
Шымкентте сабақ үстінде кәмпитке қақалып дем жетпеген оқушыға мұғалімі дер кезінде көмек беріп, құтқарып қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Сабақ кезінде 4-сынып оқушысы кәмпит жеймін деп қақалып қалған. Қасында оның сынып жетекшісі болған. Ол дереу көмек көрсетіп, қайғылы жағдайдың алдын алды. Оқиға сәтті аяқталған соң мұғалім оқушыны тыныштандырып, біраз құшақтап тұрады.
Мұғалімнің аты-жөні – Айгүл Дауылбаева. Ол мектепте 27 жылдан бері еңбек етіп келеді. Көпшілік дер кезінде дұрыс әрекет ете білген ұстазға ризашылығын білдірді.
Көп оқылған
24.08.2026, 10:09
Қызылордада қылмыс өршіп тұр: соңғы екі жылда мемлекетке 66,5 млрд теңге залал келген
24.08.2026, 15:38
ШҚО-да ер адам туған қызын 6 жасынан бастап зорлады деген күдікке ілінді
24.08.2026, 11:48
Түркістан облысында бетперде таққан бірнеше адам тұрғын үйге басып кіріп, иесін бірнеше сағат азаптаған
24.08.2026, 11:40
Ағасы мен қарындасының жанжалы үйдің өртенуімен аяқталды (ВИДЕО)