26.05.2026, 15:58
Жаңалықтар
Жезқазғанда жеңіл көлік автобусқа соғылып, жүргізушісі көз жұмды (ВИДЕО)
Қайғылы оқиға 26 мамырға қараған түні болған
Фото: Видеодан скрин
Жезқазғанда жеңіл көлік автобусқа соғылып, жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қайғылы оқиға 26 мамырға қараған түні сағат 00:10 шамасында Жезқазғандағы Сарыарқа мен Абай көшелерінің қиылысында болды.
Белгілі болғандай, жеңіл көлік бағдаршам алдында тұрған автобустың артына келіп соғылған. Қатты соққының әсерінен жеңіл көлік жүргізушісі оқиға орнында тіл тартпай кетті, ал жолаушысы ауруханаға жеткізілді.
Жол-көлік оқиғасы кезінде автобус салонында 11 адам болған, олардың арасында зардап шеккендер жоқ. Оқиға бойынша қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.
Көп оқылған
10.10.2026, 08:29
«Куәгер болған»: Ақмола облысында дәрігер өз-өзіне қол жұмсады
10.10.2026, 15:12
Түркияда 15 жасқа дейінгі балалар енді әлеуметтік желі пайдалана алмайды
10.10.2026, 20:17
Күніне 30–40 мың теңге таппақ болған жасөспірім 5 жылға сотталып кетті
10.10.2026, 10:08
Қазақстанның жеті қаласында ауа сапасы нашарлайды
10.10.2026, 10:31
Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасына 7 миллион адам қатысты