26.05.2026, 12:36
Жаңалықтар
Қазақстанда ескі үлгідегі 2000 теңгелік банкноттар айналымнан шығатын болды
Бұл купюралар айналымға алғаш рет 2012 жылы шыққан
Фото: Ұлттық банк
Қазақстанда 25 маусымнан бастап «Қазақ Елі» монументі бейнеленген ескі үлгідегі 2000 теңгелік банкноттар айналымнан шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл купюралар айналымға 2012 жылы шыққан болатын. Оның бетінде Астанадағы «Қазақ Елі» монументі, Қазақстанның мемлекеттік рәміздері, киік және ұшып бара жатқан көгершіндер бейнеленген. Сырт жағында Ертіс өзенімен бірге ел картасы, стильдендірілген киіз үй және мемлекеттік тудың фрагменті орналасқан.
Бұл ретте, ескі банкноттарды алдағы үш жылда – 2029 жылғы 25 маусымға дейін екінші деңгейлі банктер және «Қазпошта» бөлімшелері арқылы айырбастауға болады. Ұлттық банктің филиалдарында ескі купюралар мерзімсіз қабылдана береді.
Көп оқылған
08.10.2026, 11:18
Қазақстанда ауқатты отбасылардың 10 түрлі жәрдемақысы қысқарады: Үкімет қаулыны жариялады
08.10.2026, 09:00
Екі аптада не өзгерді: Каспийдегі трагедиядан кейін кімдер жұмысынан қуылды, кімдер қамалды
08.10.2026, 21:27
«Қазақстанда, үйінде отыр»: Непалдағы жойқын тасқын кезінде із-түссіз жоғалған бойжеткеннің біреуі аман-есен табылған
08.10.2026, 14:25
Астанада «Sardar group» компаниясы былтыр ғана салған үйден жаңбыр сорғалап тұр (ВИДЕО)