26.05.2026, 12:45
Жаңалықтар
«Өз оқушысынан өзі ақша алып, репетитор бола алмайды»: Сүлейменова мұғалімдерге қатысты тағы бір өзгеріс туралы айтты
Оған тыйым салу мәселесін министрлік қарап жатыр
Фотоколлаж: Әбілқасым Есентаев/Azattyq Ruhy
Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мұғалімдер өздері сабақ беретін оқушыларға репетиторлық қызмет көрсете алмауы да мүмкін екенін айтты, деп жазады Azattyq Rýhy.
«Бүгінгі таңда тек мектептегі біліммен-ақ жоғары балл жинап жатқан оқушыларды да білеміз. Жалпы репетиторлық нарыққа байланысты оқу-ағарту министрлігі қазір «Білім туралы» заңға бірқатар өзгерістер әзірлеуді бастады. Оның ішінде репетиторлық орталықтардың қызметі, салықтық реттеу және балалар мен ата-аналар алдындағы жауапкершілік мәселелері қарастырылып отыр», - деді министр үкіметтегі брифингте.
Оның айтуынша, бұл өзгерістерге сай, мектеп мұғалімі өзі сабақ беретін оқушыға қосымша ақылы репетитор болуына тыйым салынады.
Көп оқылған
22.11.2026, 08:33
Елордада тұмау жұқтырғандар көбейді: науқастар арасында балалар мен жүкті әйелдер бар
22.11.2026, 16:07
23 қарашаға арналған ауа райы болжамы жарияланды
23.11.2026, 11:01
«Балам үш рет түрмеге түскен, оның 25 млн теңге, өзімнің 4 млн теңге қарызым бар»: Алматыдағы «таксист» әже алғаш рет сұхбат берді
22.11.2026, 10:40
Ақтөбе облысында көліктің барлық түрі үшін жол ашылды
22.11.2026, 13:15
СҚО-да жабылған тасжолдардағы қозғалыс қайта ашылды
