Екінші дүниежүзілік соғыста қолданылған: Жаңаарқада ескі үйден тарихи мылтық табылды (ВИДЕО)
Бұл әйгілі конструктор Джон Мозес Браунинг жасаған Browning Auto-5 тегіс ұңғылы жартылай автоматты мылтығы болып шықты
Ұлытау облысында Жаңаарқа ауданының тұрғыны ескі үйін жөндеу кезінде сирек кездесетін тарихи қару тауып алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Тексеру барысында табылған заттың атақты конструктор Джон Браунинг жасаған Browning Auto-5 жартылай автоматты мылтығы екені анықталды. Бұл қару ХХ ғасырдың басында жасалып, Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде де қолданылған.
Азамат қаруды бірден полицияға тапсырып, жоғары жауапкершілік танытты. Қазіргі уақытта қаруға баллистикалық сараптама тағайындалды.
Белгілі болғандай, тексеру барысында табылған оның жай ғана қару емес екені анықталды. Ол әйгілі конструктор Джон Мозес Браунинг жасаған Browning Auto-5 тегіс ұңғылы жартылай автоматты мылтығы болып шықты. Аталған модель 1898 жылы құрастырылып, 1905 жылдан бастап әскери құрылымдар мен құқық қорғау органдарының қолданысына енгізілген. Сонымен қатар бұл қару Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде де кеңінен пайдаланылған.