Түркістан облысына 5 млн-ға жуық дәрілік зат әкелінді
Оның ішінде пневмония және коронавирусқа қарсы парацетамол, метранидазол, дексаметазон, эуфиллин секілді препараттар бар
Халқы тығыз орналасқан Түркістан облысындағы дәрі-дәрмек тапшылығын шешу мақсатында өңірге 5 млн-ға жуық дәрілік препарат келді. Бұл туралы Түркістан облысының өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.
«Пандемиямен күрес үшін облыс бюджетінен қаражат бөлініп, Өзбекстан елінен жеткен кезекті партия дәрілік заттардың ішінде амброксол, левофлаксацин, аминофиллин, азитромицин, цефтриаксон, парацетамол, метранидазол, дексаметазон, эуфиллин секілді пневмония және коронавирусқа қарсы препараттар бар», - делінген ақпаратта.
Аталған қажетті дәрі-дәрмектердің жартысы өңірдегі аудан, қалалардағы ауруханаларға таратылса, жартысы әкімдіктермен меморандумға отырған 153 дәріханаға шекті бағамен жөнелтіледі.