СҚО-да бірнеше адам бруцеллезге шалдықты
Ауру жұқтырғандар екі жыл бойы медициналық бақылауда болады
Солтүстік Қазақстан облысында бірнеше адам қауіпті бруцеллез инфекциясын жұқтырған. Қазіргі уақытта дертке шалдыққандар дәрігерлердің жіті бақылауында, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Санитарлық қызметтердің мәліметінше, ауру ошақтары облыстың екі бірдей өңірінен анықталған. Инфекцияның таралу географиясы мен жұғу жолдары әртүрлі болып шықты. Мамандар қазіргі уақытта індеттің таралу себептерін зерттеп жатыр.
Шал ақын ауданында дерттің екі жағдайы тіркеліп, қауіпті инфекция әкесі мен баласынан анықталған. Санитарлық қызметтің мәліметінше, олар ауруды жеке қосалқы шаруашылығындағы індет жұқтырған малмен жанасу кезінде жұқтырған. Ал Петропавл қаласында тағы бір жағдай облыс орталығында тіркелді. Жергілікті тұрғыннан инфекция анықталғанымен, мамандар әзірге аурудың нақты қайдан жұққанын анықтай алмай отыр. Белгілі болғаны әйел адам ауру белгілері пайда болар алдында қаладағы сауда желілерінің бірінен ет өнімдерін сатып алған, алайда нақты қай дүкен екенін айта алмаған.
СҚО Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы Серік Аусатов мамандардың науқастармен байланыста болғандардың барлығын тексеріп шыққанын хабарлады.
«Байланыста болған барлық адам тексеруден өтті. Зертханалық зерттеулердің нәтижесі бойынша барлық сынама нормативтік құжаттарға сай, яғни таза. Ауру жұқтырғандардың барлығы медициналық бақылауда тұр. Олар ем қабылдады. Енді екі жыл бойы олар медициналық динамикалық бақылауда болады», — деді Серік Аусатов.