Қазақстанда орташа жалақы 461 мың теңгеден асты
Қай салаларда жалақы өскені анықталды
Ұлттық статистика бюрсының мәліметінше, Қазақстанда орташа айлық атаулы жалақы 2026 жылғы I тоқсанда 461 486 теңгені құрады. 2025 жылдың тиісті тоқсанына қарағанда өсім 109,1%-ды, нақты мәнде 97,7% өсті. Жалақының медианалық мәні (жалақы қатарының орталық деңгейі) 2026 жылғы I тоқсанда бағалау бойынша 331527 теңгені құрады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
2025 жылғы тиісті тоқсанмен салыстырғанда орташа айлық жалақының ең жоғарғы өсімі мына бағыттарда өсті:
- ауыл, орман және балық шаруашылығы – 20,3%;
- қаржы және сақтандыру қызметі – 18,1%;
- сумен жабдықтау; су бұру; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет – 16,5%;
- электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау – 14,7%;
- көлік және жинақтау – 12,9%;
- өнеркәсіп – 11,6%;
- Денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсетуде орташа айлық жалақы – 7,0%;
- білім беру – 4,2%.
Өңірлік бөліністе 2025 жылдың тиісті тоқсанымен салыстырғанда 2026 жылдың I тоқсанында орташа айлық атаулы жалақының ең көп өсуі Абай облысында – 14,2%, Павлодар облысында – 12,4%, Жетісу облысында -12,2 %, Алматы облысында – 10,9% және Алматы қаласында – 10,7 % -ды құрады.