Ақмола облысында шетел азаматы ірі көлемде есірткімен ұсталды (ВИДЕО)

Ол оны Көкшетауға жеткізбек болған

Ақмола облысында шетел азаматы ірі көлемде есірткімен ұсталды (ВИДЕО)
Фотоколлаж: Polisia.kz

Ақмола облысында шетел азаматы ірі көлемде синтетикалық есірткімен ұсталды, деп жазады Azattyq Rýhy.

Ақмола облысында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері прокуратураның үйлестіруімен синтетикалық есірткінің заңсыз айналымына қатысты құқық бұзушылықтың жолын кесті. Полиция мәліметінше, шет мемлекет азаматы ұсталған.

Тінту барысында мефедрон болуы мүмкін 120 түйіншек табылып, тәркіленді. Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 240 грамнан асқан. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, күдікті аса ірі көлемдегі тыйым салынған заттарды Көкшетау қаласына жеткізіп, кейін оларды өзге елді мекендерге тасымалдауы тиіс болған.

«Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдікті тергеу кезеңіне уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полиция есірткі қылмыстарын анықтау және олардың жолын кесу бағытындағы жұмыстардың күшейтілген режимде жалғасып жатқанын атап өтті», – делінген хабарламада.