Алматы облысында оқушы ұстазын соққыға жыққан: полиция қылмыстық іс қозғады

Оқыс оқиға биыл 20 қаңтар күні болғаны анықталды

Алматы облысында оқушы ұстазын соққыға жыққан: полиция қылмыстық іс қозғады
Фото: Видеодан скрин

Алматы облысында оқушының ұстазын соққыға жығуына қатысты оқиға бойынша полиция тың мәлімет жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Полиция қызметкерлері биыы 20 қаңтарда кәмелетке толмаған жасөспірімнің ер адамға дене жарақатын салу фактісі бойынша қатысты қылмыстық іс қозғады.

Алдын ала мәлімет бойынша, 16 қаңтар күні шамамен сағат 09:00-де Шамалған ауылындағы орта мектептердің бірінде кәмелетке толмаған жасөспірім мен ер адам арасында жанжал туындап, соның салдарынан ер адамға дене жарақаты келтірілген.

«Арыз түскеннен кейін жасөспірім заңды өкілдерімен бірге дереу полиция бөліміне жеткізілген. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық әрі объективті анықтауға бағытталған қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу қорытындысы бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес процессуалдық шешім қабылданады», – делінген облыстық ПД-ның агенттік тілшісіне берген пікірінде.

Сонымен қатар іс сотта қаралғаннан кейін материалдар кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияға жолданып, мектеп оқушысын профилактикалық есепке қою мәселесі қаралады. Сондай-ақ сот жасөспірімнің ата-анасының әрекетіне құқықтық баға береді.