Алматының бірнеше ауданында жарық уақытша сөндіріледі

Жөндеу жұмыстарының негізгі себептерінің бірі – кабельдік желілердегі ақауларды жою

Алматының бірнеше ауданында жарық уақытша сөндіріледі
Фото: © istockphoto.com

12-15 мамыр аралығында Алматы қаласының бірнеше ауданында электр энергиясы уақытша тоқтатылады. «Алатау Жарық Компаниясы» бұл шараның желілерді жоспарлы жөндеу жұмыстарына байланысты екенін айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Энергиямен жабдықтаушы компанияның мәліметінше, жарық шектеулі түрде таңғы сағат 08:00-ден (кей жерлерде 09:00-ден) кешкі 17:00-ге дейін болмайды. Жөндеу жұмыстары қаланың әртүрлі бөліктерінде кезек-кезегімен жүргізілмек.

Жөндеу жұмыстарының негізгі себептері кабельдік желілердегі ақауларды жою, трансформаторлық қосалқы станцияларды ағымдағы жөндеу және электр желілерінің басқа да элементтерін жаңарту.

Тізімде қаланың орталық бөліктері де, шеткері аудандары да бар. Соның ішінде Сәтбаев көшесі мен Райымбек даңғылы сияқты ірі магистральдардың бойындағы нысандар да уақытша токтан ажыратылуы мүмкін.

«Жоспардан тыс шұғыл жұмыстар туындаған жағдайда жөндеу күндері өзгеріске ұшырауы мүмкін»,— деп ескертті мекеме өкілдер.