Теміртауда әйел адам жалаңаш күйде серуендеп жүрген: оқиғаның мән-жайы анықталды

Оның есірткінің әсерінде болғаны анықталды

Теміртауда әйел адам жалаңаш күйде серуендеп жүрген: оқиғаның мән-жайы анықталды
Фото: instagram.com/v.temirtau/

Теміртау көшелерінде әйел адам жалаңаш күйде серуендер жүргені анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Әлеуметтік желіде қала көшесінде жалаңаш жүрген қыздың фото және видеолары жарияланған.

Қарағанды облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 8 мамыр күні Теміртау қаласының полициясына Республика даңғылындағы қоғамдық орында өзін әдепсіз ұстаған әйел туралы хабарлама түскен.

«Патрульдік полиция қызметкерлері 27 жастағы қала тұрғынын анықтап, полиция бөліміне жеткізді. Медициналық куәландыру нәтижесінде әйелдің есірткі заттарының әсерінде болғаны анықталды», – деп хабарлады полиция.

Құқық бұзушыға қатысты әкімшілік іс қозғалды. Материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.