Синоптиктер 8 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады

Елдің басым бөлігінде жоғары өрт қаупі сақталады

Синоптиктер 8 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады
Фото: istockphoto.com

8 мамырда Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райына солтүстік-батыс циклоны мен онымен байланысты атмосфералық фронттар әсер етеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Астанада құбылмалы бұлтты ауа райы күтіледі. Кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай болады. Ауа температурасы түнде +12…+14°C, күндіз +23…+25°C.

Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +16…+18°C, күндіз +30…+32°C.

Шымкентте құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +17…+19°C, күндіз +33…+35°C.

Ақтөбеде құбылмалы бұлтты. Кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай болады. Күндіз бұршақ пен дауыл болуы мүмкін. Түнде және таңертең тұман түседі. Түнде +10…+12°C, күндіз +19…+21°C.

Ақтауда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +11…+13°C, күндіз +16…+18°C.

Атырауда құбылмалы бұлтты. Кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай болады. Жел күшейеді. Түнде +13…+15°C, күндіз +23…+25°C.

Жезқазғанда құбылмалы бұлтты. Түнде және таңертең жаңбыр жауып, найзағай болады. Жел күшейеді. Түнде +16…+18°C, күндіз +28…+30°C.

Қарағандыда құбылмалы бұлтты. Күндіз жаңбыр жауып, найзағай болады. Жел күшейеді. Түнде +14…+16°C, күндіз +25…+27°C.

Көкшетауда бұлтты ауа райы күтіледі. Жаңбыр жауады, күндіз кей уақытта қатты жаңбыр, найзағай және бұршақ болуы мүмкін. Түнде және таңертең тұман түседі. Түнде +12…+14°C, күндіз +20…+22°C.

Қонаевта құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +16…+18°C, күндіз +33…+35°C.

Қостанайда бұлтты. Жаңбыр жауып, кей уақытта қатты жаңбыр, найзағай және бұршақ күтіледі. Түнде +11…+13°C, күндіз +20…+22°C.

Қызылордада құбылмалы бұлтты. Түнде және таңертең жаңбыр жауып, найзағай болады. Түнде +18…+20°C, күндіз +29…+30°C.

Павлодарда құбылмалы бұлтты. Күндіз жаңбыр жауып, найзағай болады. Түнде +13…+15°C, күндіз +26…+28°C.

Петропавлда құбылмалы бұлтты. Кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай болады. Түнде және таңертең тұман түседі. Түнде +13…+15°C, күндіз +20…+22°C.

Семейде құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +13…+15°C, күндіз +28…+30°C.

Талдықорғанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +14…+16°C, күндіз +30…+32°C.

Таразда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +18…+20°C, күндіз +33…+35°C.

Түркістанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +20…+22°C, күндіз +33…+35°C.

Оралда құбылмалы бұлтты. Түнде жаңбыр жауып, найзағай болады. Күндіз жел күшейеді. Түнде +13…+15°C, күндіз +23…+25°C.

Өскеменде құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +13…+15°C, күндіз +28…+30°C.