Қазақстан құрамасы мерзімінен бұрын алтын медаль жеңіп алып, әлемдік хоккей элитасына оралды
Украина құрамасы аз ғана айырмашылықпен жеңілді
Қазақстан хоккей құрамасы Польшада өтіп жатқан әлем чемпионатының бірінші дивизионындағы төртінші матчта Украина командасын 5:4 есебімен жеңді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Sports.kz сайтына сілтеме жасап.
Бірінші кезеңде есепті Всеволод Логвин 13-минутта ашты. Екінші кезеңде украиналықтар таразы басын теңестірді. Алайда 31-минутта Кирилл Ляпунов Қазақстан құрамасын қайта алға шығарса, 33-минутта Роман Старченко есеп айырмасын ұлғайтты. Осыдан кейін қарсылас қатарынан үш шайба соқты. Ал 52-минутта Батырлан Мұратов таблодағы есепті теңестірді.
Матч овертайм мен буллиттер сериясына ұласып, онда Қазақстан құрамасы мықтырақ болды – 5:4.
Осылайша Қазақстан құрамасы 11 ұпай жинап, әлем чемпионатының бірінші дивизионында мерзімінен бұрын бірінші орын алды және әлемдік хоккей элитасына жолдама жеңіп алды.
Бұған дейін команда Литваны 4:1, Жапонияны 6:0 және Польшаны 3:2 есебімен жеңген болатын.
Талғат Жайлауов Украинаға қарсы матчқа мына құрамды шығарды: Бояркин (Шутов) — Михайлов — Данияр, Старченко — Шестаков — Мұратов; Бекетаев — Оразов, Савицкий — Өмірбеков — Қайыржан; Никитин — Бреус, Симонов — Логвин — Ляпунов; Гайтамиров — Хорошев, Асетов — Шайхмедденов — Ғатиятов.