07.05.2026, 15:35
Жаңалықтар
Астанада көпқабатты тұрғын үйдің балконынан өрт шықты
Кейін жалын жоғары қарай өршіп, жетінші қабатқа ішінара таралған
Фото: © istockphoto.com
Елордалық құтқарушылар Ш. Уәлиханов көшесіндегі он қабатты тұрғын үйден шыққан өртті ауыздықтады. Тілсіз жау бірнеше қабатты шарпыған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өрт алдымен алтыншы қабаттағы пәтердің балконынан басталған. Кейін жалын жоғары қарай өршіп, жетінші қабатқа және сегізінші қабаттың балконына ішінара таралған.
ТЖМ қызметкерлерінің жедел әрекетінің арқасында оттың пәтерлердің ішіне өтіп кетуіне жол берілмеді.
«Мамандар өртті дер кезінде оқшаулап, толықтай сөндірді. Адам шығыны мен зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр», — деп хабарлады мекеменің баспасөз қызметі.
Көп оқылған
23.09.2026, 09:43
Талдықорғанда 40-тан асқан әйел іш киіммен тікелей эфирге шығып, боғауыз сөздер айтқан (ВИДЕО)
24.09.2026, 15:22
Тоғыз сарбаз қаза тапты, тағы жетеуінен хабар-ошар жоқ: Ақтауға Қанат Бозымбаев аттанды
23.09.2026, 11:50
«Байыпсыз блогер мен кереғар коучке еліктейді»: депутат жастарға білім-ғылымды насихаттау мәселесін көтерді