07.05.2026, 16:02
Жаңалықтар
Щучинсктегі жарылыс: дәмхана иесі тағы бір ай қамауда болады
Жарылыс 12 адамның өмірін қиған еді
Фото: © istockphoto.com
Ақмола облысында 12 адамның өмірін қиған жойқын жарылыс болған «Центр плова» дәмханасының иесі тағы бір ай қамауда отырады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Көкшетау қаласының мамандандырылған тергеу соты бұған дейін, 4 наурызда, күдіктіні екі айға қамауға алу туралы санкция берген болатын. Қазіргі уақытта бұл мерзім тағы бір айға ұзартылды.
Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 292-бабы 3-бөлігі («Өрт қауiпсiздiгi талаптарын бұзу») бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр.
Еске сала кетейік, Щучинск қаласындағы жойқын жарылыс биылғы жылдың ақпан айында болған еді. 26 ақпаннан 27 ақпанға қараған түні дәмханада газ баллоны жарылып, арты өртке ұласты. Тілсіз жау 12 адамның өмірін қиды.
Көп оқылған
05.11.2026, 11:35
Қылмыс солай ашылды: Павлодарда алты жасында нағашы ағасы зорлаған қыз ауыр қылмысты ChatGPT-ге айтып берген
05.11.2026, 08:33
«Төрт бөтелке сыра ішіп, дүкенге шыққан»: Ақтөбеде мас жүргізуші екі баланы қағып кетті
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды