Астанада әйеліне қол көтерген ер адам ұсталды: қылмыстық іс қозғалды
Қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамалды
Астанадағы көшелердің бірінде әйеліне күш көрсеткен 34 жастағы ер адам полицияға ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Отбасылық жанжал «Саржайлау» тұрғын үй кешенінің маңында болған. Куәгерлердің сөзіне қарағанда, қолында балалар арбасы бар ер адам өтіп бара жатқан адамдардың көзінше әйеліне қол көтеріп, физикалық күш қолданған. Тұрғындар дереу полиция шақырған.
Астана қалалық Полиция департаменті аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын ресми түрде растады.
Қазіргі таңда 34 жастағы ер адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Құқық қорғау органдары жәбірленушімен байланысуға тыйым салатын қорғау нұсқамасын шығарды.
Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.