26.04.2026, 17:08
Жаңалықтар
27 сәуір күні ауа райы қандай болады
Бірқатар өңірде ауа райы бұзылады
Фото: © istockphoto.com
«Қазгидромет» синоптиктері 2026 жылдың 27 сәуіріне арналған ауа райы болжамын жариялады. Дүйсенбі күні еліміздің бірқатар өңірінде ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Синоптиктердің мәліметінше, ертең еліміздің шығысында, түнде солтүстік пен орталықта, ал күндіз батыс пен оңтүстік-шығыста жауын-шашын болады.
Еліміздің басым бөлігінде күн күркіреп, жаңбыр жауады. Сондай-ақ оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында да нөсер жаңбыр күтіледі. Батыс және оңтүстік-шығыс өңірлерде бұршақ жауып, қатты дауыл тұруы мүмкін.
Еліміздің басқа аумақтарында жауын-шашынсыз ашық ауа райы сақталады.
Көп оқылған
18.09.2026, 06:30
Ақтауда барда демалып отырған ер адамға оқ атқан: қылмыскер бес жыл арқалап кетті (ВИДЕО)
18.09.2026, 11:55
«Бәріне ортақ лифтіні меншіктеп алған»: Астанада 78 жастағы қария «Әділет» партиясына жүгініп, мәселесін шешті
18.09.2026, 17:11
Алматыда электросамокат мінген ер адам түнгі уақытта көліктермен жарысамын деп көз жұмды (ВИДЕО)
18.09.2026, 11:50
Қазақстан тарихында ең ыстық жаз биыл болды