Астанада жәндіктерге қарсы ауқымды дезинсекция жұмыстары басталады
Жұмыс кезең-кезеңімен жүргізіледі
Елордада маса, шіркей және өзге де жәндіктерге қарсы ауқымды залалсыздандыру жұмыстары басталады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Астана әкімдігінің мәліметінше, 27-29 сәуір аралығында қаланың орталық бөлігін жаппай дәрілеу жоспарланған. Жұмыс кезең-кезеңімен жүргізіледі. Өңдеу жұмыстары қала орталығынан басталып, шеткі бөліктерге қарай жалғасады. Дәрілеу түнгі уақытта — сағат 21:00-ден 04:00-ге дейін жүргізіледі. Әр кезең айына 20 күнге созылады, ал жалпы алты кезеңнен тұрады.
Мамандар бұл шаралар жәндіктердің санын 90% дейін азайтуға мүмкіндік беретінін айтты.
Ауқымды шараға 150-ден астам кәсіби дезинфектор мен арнайы техника жұмылдырылған. Қолжетімділігі қиын қамыс өскен жерлерді өңдеу үшін квадрокоптерлер, ал үлкен су айдындары үшін арнайы жабдықталған қайықтар қолданылады. Сәуір айының басынан бері құрттар анықталған 8600 гектар су айдыны өңделіп үлгерді.
Дезинсекция кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін келесі ережелерді сақтау қажет:
- Өңдеу жүріп жатқан аумақтарға баруды шектеу;
- Түнгі уақытта терезелерді жабу