Алматы облысында ата-аналар балаларына 500 млн теңге қарыз болып қалған

Биыл үш ай ішінде жарты млрд теңге алимент төленбеген

Алматы облысында ата-аналар балаларына 500 млн теңге қарыз болып қалған
Фото: istockphoto.com

Алматы облысында прокурорлар ата-аналардан балаларына деп 500 млн теңге алимент өндірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ведомство мәліметінше, 13 адамға қатысты ҚР ҚК-нің 139-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды (балаларды асырауға қаражат төлеу жөніндегі міндеттерді орындамау). Оның ішінде 3 адам нақты жазалау шараларымен сотталды, қалғандары бойынша сотқа дейінгі тергеулер жүргізілуде.

«Бір мезгілде прокуратураның бастамасы бойынша 107 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның 95-і 5 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алынды. Сонымен қатар, балалардың пайдасына жалпы құны 32 млн теңге болатын 8 мүлік объектісі (жер учаскелері, тұрғын үйлер және автокөлік) берілді. Мысалы, борышкерлердің бірі берешекті өтеу есебінен өндіріп алушыға құны 7,5 млн теңге болатын жер учаскесін берді», – делінген хабарламада.

Қабылданған шаралар ата-ана міндеттерін орындаудан әдейі жалтарған адамдар үшін жауапкершіліктің сөзсіз болуының тұрақты тәжірибесін қалыптастырады.

Алимент төлеуден жалтарудың әрбір фактісі заңда белгіленген тәртіппен жолын кесетін болады.