13.04.2026, 13:37
Жаңалықтар
Иран АҚШ пен Израильдің кемелерін Ормуз бұғазы арқылы өткізбейтін болды
Иран Израильдің Ливанға соққыларына жауап ретінде Ормуз бұғазын жауып тастаған
Фото: Reuters
АҚШ пен Израиль мемелекеттеріне қатысы бар кемелер Ормуз бұғазы арқылы ақыры өте алмайтын болды. Бұл туралы Иран қарулы күштерінің «Хатам әл-Әнбия» орталық штабының өкілі Эбрахим Зольфагари мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Ормуз бұғазы арқылы жау кемелерінің өтуіне мүмкіндік берілмейді. Ал басқа кемелер Иран Ислам Республикасы қарулы күштерінің ережелерін сақтаған жағдайда бұғаз арқылы өтуіне рұқсат алады», – делінген хабарламада.
Айта кетейік, осыған дейін Иран Израильдің Ливанға соққыларына жауап ретінде Ормуз бұғазын жауып тастаған болатын.
Көп оқылған
27.10.2026, 13:01
Атырауда «қайын жұртын қырып тастаған» жігітті өмір бойына соттаған атақты судья марапатталды (ВИДЕО)
27.10.2026, 11:50
Ішкі істер министрлігі «ұлдарға зорлық жасады» деген күдікпен Исматулла Мақсұмға қатысты жаңа тергеу бастады
27.10.2026, 17:43
Ресми ақпарат: Жеңіс Қасымбек жаңа лауазымға ие болды
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды