8 сәуірге бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды

Ел бойынша жаңбыр, найзағай, тұман және желдің күшеюі күтіледі

8 сәуірге бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды
Фото: istockphoto.com

8 сәуірге синоптиктер елордада, Алматы, Шымкент қалаларында және Қазақстанның 16 өңірінде дауылды ескерту жариялады,деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Республика бойынша жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей жерлерде тұман түсіп, жел күшейеді.

Астана қаласында жаңбыр, күндіз найзағай болады. Солтүстік-шығыстан соққан жел күндіз секундына 15 метрге дейін күшейеді.

Ақмола облысында күндіз оңтүстік бөлігінде жаңбыр, найзағай. Батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыс желі күндіз батыста және оңтүстікте 15–20 м/с дейін күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі. Оңтүстігі мен батысында тұман. Батыс, солтүстік-батыс желі күндіз солтүстік, шығыс және оңтүстік аудандарда 15–20 м/с дейін жетеді.

Қостанай облысында күндіз оңтүстігінде жаңбыр, найзағай. Батысында, солтүстігінде және шығысында тұман болады. Оңтүстік-батыс желі шығысқа ауысып, күндіз оңтүстікте екпіні 15–20 м/с болады.

Павлодар облысында түнде оңтүстігі мен шығысында тұман. Солтүстік-батыс желі күндіз солтүстігі мен шығысында 15–20 м/с дейін күшейеді. Павлодар қаласында күндіз желдің екпіні 18 м/с болады.

Қарағанды облысында күндіз батысында жаңбыр, найзағай, солтүстігінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең батысында, солтүстігінде және шығысында тұман түседі. Солтүстік-шығыс желі күндіз батысы мен солтүстігінде 15 м/с дейін күшейеді. Оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Қарағанды қаласында түнде және таңертең тұман.

Ұлытау облысында түнде шығысында, оңтүстігінде және орталығында жаңбыр, найзағай, күндіз жаңбыр, найзағай, батысында және оңтүстігінде нөсер жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең батысында, солтүстігінде және орталығында тұман. Солтүстік-шығыс желі таңертең және күндіз батысы мен солтүстігінде 15–20 м/с дейін күшейеді. Жезқазғанда жаңбыр, найзағай болады.

Шығыс Қазақстан облысында түнде және таңертең солтүстігінде, шығысында және орталығында тұман. Өскеменде де түнде және таңертең тұман күтіледі.

Абай облысында түнде және таңертең солтүстігінде, шығысында және орталығында тұман. Шығыс желі солтүстік-шығысқа ауысып, күндіз оңтүстік-батыста 15–18 м/с дейін күшейеді. Оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Семейде түнде және таңертең тұман.

Алматы облысында оңтүстігінде және таулы аудандарда найзағай күтіледі. Батыс желі батысында, шығысында, оңтүстігінде және таулы аймақтарда 15–20 м/с дейін күшейеді. Солтүстігі мен оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Алматы қаласында жоғары өрт қаупі сақталады. Қонаевта да жоғары өрт қаупі бар. Таулы аудандарда найзағай, батыс желі 15–20 м/с дейін күшейеді.

Жамбыл облысында түнде батысында, оңтүстігінде және таулы аудандарда жаңбыр, найзағай, күндіз жаңбыр, найзағай, таулы жерлерде нөсер жаңбыр, бұршақ, дауыл болады. Оңтүстігі мен таулы аймақтарында тұман. Оңтүстік-батыс желі оңтүстік-батыста, солтүстік-шығыста және таулы аудандарда 15–20, кейде 23–28 м/с дейін күшейеді. Солтүстік-батысы мен батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Таразда кей уақытта жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ болады. Желдің екпіні 15–20 м/с.

Түркістан облысында таңертең және күндіз таулы және тау бөктеріндегі аудандарда қатты жаңбыр жауады. Батысында, оңтүстігінде және тау бөктерінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыс желі 15–20 м/с дейін күшейеді. Батысында, солтүстігінде, орталығында және тау бөктерінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Шымкентте кей уақытта найзағай, дауыл болады. Оңтүстік-батыс желі 15–20 м/с дейін күшейеді. Жоғары өрт қаупі сақталады. Түркістан қаласында да найзағай, дауыл, желдің күшеюі күтіледі.

Қызылорда облысында күндіз орталығында және оңтүстігінде қатты жаңбыр. Орталығында, солтүстігінде және оңтүстігінде найзағай, дауыл. Батыс және оңтүстік-батыс желі 15–20 м/с дейін күшейеді. Шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылордада күндіз найзағай болады.

Ақтөбе облысында күннің екінші жартысында оңтүстігі мен шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең солтүстігінде тұман.

Атырау облысында күндіз батысында жаңбыр, найзағай. Оңтүстік-шығыс желі күндіз батысында 15–20 м/с дейін күшейеді.

Маңғыстау облысында оңтүстік-шығыс және оңтүстік жел соғады, күндіз солтүстік-батысында екпіні 16 м/с болады.

Батыс Қазақстан облысында батысында және оңтүстігінде жаңбыр, найзағай. Түнде және таңертең батысында, солтүстігінде және шығысында тұман. Оңтүстік-батыс желі күндіз батысы мен оңтүстігінде 15–20 м/с дейін күшейеді. Орал қаласында түнде және таңертең тұман күтіледі.