07.04.2026, 18:00
Жаңалықтар
Сәуірдің ортасынан бастап Астана халықаралық әуежайының жұмыс кестесі өзгереді
Әуежай 31 мамырға дейін осы кестеге сай жұмыс істейді
Фото: nn-airport.kz
2026 жылдың 15 сәуірінен бастап Астананың халықаралық әуежайынан ұшатын рейстер көбіне түнде ұшпақ. Өйткені, 15 сәуір мен 31 мамыр аралығында әуежайдың ұшып-қону жолақтары жөнделеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ұшып-қону жолағы осы аралықта таңғы сағат 10.00 мен 18.00 аралығында жөнделеді.
«Осы уақыт ішінде әуежайдан ұшатын жоспарлы рейстер таңертең ерте немесе түнгі уақытта ұшады», - деп хабарлайды Астана әуежайының баспасөз қызметі.
Осы ретте әуежай азаматтарға ескерту жасап, рейстерінің уақытын алдын ала тексеріп алуды ұсынып отыр.
Көп оқылған
04.10.2026, 06:19
Домбыра сабағы кезінде баланы ұрған: полиция қылмыстық іс қозғады
04.10.2026, 07:27
Қар аралас жаңбыр, тұман, жел: 4 қазанға арналған ауа райы болжамы
04.10.2026, 22:34
Ақтөбеде алғашқы қар жауды (ВИДЕО)