07.04.2026, 15:37
Жаңалықтар
Астанадағы көпқабатты үйлердің біріндегі дүкеннен өрт шықты (ВИДЕО)
Тұрғындар эвакуцияланды
Фото: Видеодан скрин
Астанадағы көпқабатты үйлердің бірінің астындағы дүкен өртеніп кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ТЖМ мәліметінше, өрт сөндірушілер Байқоңыр ауданындағы А.Янушкевич көшесінде орналасқан 9 қабатты тұрғын үйде шыққан өртті сөндіріп жатыр.
Алғашқы бөлімшелер келген кезде бірінші қабаттағы дүкенде тоңазытқыш жабдықтарының жанып жатқаны байқалды. Тұрғындарды эвакуациялау жүргізілуде.
Өрт сөндіру қондырғылары дереу іске қосылды, өртті толық сөндіру үшін барлық шаралар қабылдануда. Су үздіксіз жеткізілуде.
«Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Зардап шеккендер туралы ақпарат 112-ге түскен жоқ», – делінген ҚР ТЖМ хабарламасында.
Көп оқылған
17.08.2026, 13:34
«Барни» үшін күйеуі соққыға жыққан»: Жамбылда 19 жастағы жүкті келіншектің өлімі тергеліп жатыр (ВИДЕО)
17.08.2026, 09:42
Абай облысында қаны тоқтамай жатқан баланы полицейлер ауруханаға 12 минутта жеткізді
17.08.2026, 13:19
Астанада жас жігіт лифтіде тұрған қыз балаға тиісіп, артынан теуіп жіберген (ВИДЕО)