07.04.2026, 13:45
Жаңалықтар
Қазақстандық палуандар грек-рим күресінен Азия чемпионатының жартылай финалына шықты
Ол қарсыластарын айқын басымдықпен жеңді
Фото: Olympic.kz
Қазақстандық грек-рим күресінің шеберлері – Ербол Қамалиев, Алматбек Аманбек, Ислам Евлоев Қырғызстанның Бішкек қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ербол Қамалиев 60 келіге дейінгі салмақтың ширек финалында Тайпей өкілі Су Юнсянмен белдесіп, 8:0 есебімен жеңіске жетті.
Алматбек Аманбек 72 келіге дейінгі салмақта қытайлық Ли Дуньюймен күресіп, 3-1 есебімен басым түсті.
Ислам Евлоев 97 келіге дейінгі салмақта жартылай финалға шығу үшін өткен белдесуде отандасымыз Жапония өкілі Юри Наказатомен күш сынасты. Белдесу мерзімінен бұрын аяқталды. Евлоев кездесудің алғашқы сәттерінде-ақ сегіз ұпай жинап, айқын басымдықпен жеңіске жетті.
Көп оқылған
21.08.2026, 11:56
Алматыда күйеу баласы мүмкіндігі шектеулі енесін зорлап кеткен
21.08.2026, 09:46
Жалған мәліметтер енгізген: Қазақстан азаматы 290 млн теңге салық төлемес үшін Ресейге қашып кеткен
21.08.2026, 12:12
Қарағандыда 50-ден асқан ер адам әйелдердің киімін киіп, эфирде бейәдеп әрекеттер жасаған (ВИДЕО)
21.08.2026, 10:44
Елімізде Құрылтай есімді қанша азамат бар
21.08.2026, 09:33
Қазақстандық жасөспірім дзюдодан әлем чемпионы атанды (ВИДЕО)