06.04.2026, 06:29
Жаңалықтар
Қазақстан гимнастары Каирде күміс пен қола жеңіп алды
Алтын жүлде Армения спортшысына бұйырды
Фото: /t.me/DRSQazaqstan
Египет астанасы Каирде спорттық гимнастикадан әлем кубогінің 4-кезеңі жалғасып жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан ерлер құрамасының өкілдері Зейнолла Ыдырысов пен Нариман Құрбанов ат снарядындағы жаттығуда күміс және қола медаль жеңіп алды. Ал алтын жүлде Армения спортшысы Гамлет Манукянға бұйырды.
- Гамлет Манукян (Армения) – 14.800
- Зейнолла Ыдырысов (Қазақстан) – 14.566
- Нариман Құрбанов (Қазақстан) – 14.566
Дүйсенбі, 6 сәуір күні қазақстандық спортшылар финалда жүлде үшін күресті жалғастырады. Алтынхан Темірбек пен Асан Сәлімов тіреп секіруде өнер көрсетсе, Ілияс Әзізов кермедегі жаттығуда сынға түседі.
Каирдегі әлем кубогі кезеңіне 30 елден 70 спортшы қатысып жатыр.
Көп оқылған
20.08.2026, 10:49
19 жыл бойы жатқан: Алматы тауларындағы мұздықтан табылған альпинистің кім екені анықталды
20.08.2026, 16:18
«4,5 млн теңгені қарызға беріп, кейін сотпен қорқытты»: Ұлдана Мырзуанның анасы күйеу баласы туралы сұмдық жайды әшкере етті
20.08.2026, 12:07
«Әзіл деп ойладым, анам хабарласқан соң ғана сендім»: Ұлдана Мырзуанның экс-күйеуі сотта сөз сөйледі
20.08.2026, 12:22
«4 млн теңгесін ата-анасына қайтардық»: Әділет Зейнел әкімдіктен 20 млн теңге алғанын айтты