05.04.2026, 23:29
Жаңалықтар
Бокс: Сағындық Тоғамбай Азия чемпионатының жартылай финалына өтті
Ширек финалда қазақстандық боксшы Қытай спортшысын 4:1 есебімен жеңді
Фото: ҰОК
Ұлан-Батырда өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының өкілі Сағындық Тоғамбай жартылай финалға шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
90 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жұдырықтасқан отандасымыз ширек финалда Қытай өкілі Хань Сюэчжэньге қарсы рингке көтерілді. Жекпе-жек төрешілердің 4:1 шешімімен Тоғамбайдың пайдасына аяқталды.
Осылайша қазақстандық былғары қолғап шебері кем дегенде қола жүлдені қоржынға салды.
Айта кетейік, 5 сәуір күні Қазақстан құрамасынан Әйгерім Сәттібаева (48 келіге дейін) мен Сабыржан Аққалықов (75 келіге дейін) та жартылай финалға жолдама алған болатын.
Көп оқылған
04.10.2026, 06:19
Домбыра сабағы кезінде баланы ұрған: полиция қылмыстық іс қозғады
04.10.2026, 07:27
Қар аралас жаңбыр, тұман, жел: 4 қазанға арналған ауа райы болжамы
04.10.2026, 22:34
Ақтөбеде алғашқы қар жауды (ВИДЕО)